ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
ГУ "Отдел занятости и социальных программ города Темиртау"

МЕНЮ

Улгіні жүктеп алу

2020 жылғы 18 сәуірдегі № 21 «Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезіндегі коммуналдық қызметтерге ақы төлеу ережелеріне» сәйкес коммуналдық төлемдер бойынша өтеуге құқығы бар азаматтардың санаттары анықталды:

- 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

- Мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының қатысушылары, және мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар;

- Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- Көпбалалы отбасылар;

- Ең төменгі зейнетақы және одан төмен алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;

- Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарышқа ұшуды дайындау немесе орындау кезінде, адам өмірін сақтауда, заңдылық пен тәртіпті қорғауда қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

- Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

Осы санаттағы тұлғалар, 2020 жылғы сәуір айына 15000 теңге және мамыр айына 15 000 теңге көлемінде коммуналдық қызметтерді өтеу үшін өтініш беруі керек. Өтінішті ozhkh_pt_ad@mail.ru электронды пошта арқылы немесе Қарағанды көшесі, 45а мекен-жайы бойынша жіберуге болады. Байланыс телефондары: 99 62 61; 8 (7212) 90 20 47

Басты бет

© 2020 ГУ "Отдел занятости и социальных программ города Темиртау"