ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
ГУ "Отдел занятости и социальных программ города Темиртау"

МЕНЮ

 

 

<Жабық> Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындаерекше тәртіппен өткізілетін халықтың әлеуметтік осал топтарына қызметтерді мемлекеттік сатып алуға конкурс өткізу туралы жариялайды Конкурс

Конкурс өткізу тәсілімен

мемлекеттік сатып алуды іске асыру жөнінде

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік мекемесі (101400 Қарағанды обл., Теміртау қаласы,  Чайковский көшесі, 22, интернет-ресурс: sobes-temirtay.gov.kz) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ерекше тәртіппен өткізілетін халықтың әлеуметтік осал топтарына қызметтерді мемлекеттік сатып алуға конкурс өткізу туралы жариялайды.

Жоғарыда аталған қызметтер Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде  тұратын халықтың әлеуметтік – осал топтарына көрсетілуі қажет.

Сатып алатын қызметтердің толық тізілімі, олардың саны мен спецификациясы туралы толық мәлімет конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Қызметтерді көрсетуді талап ететін мерзім – 2015 жылғы ақпан -желтоқсан.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін 2015 жылдың 26 қаңтары сағат 15.00 дейін алуға болады, мекен-жайы: 101400 Қарағанды обл., Теміртау қаласы, Чайковский  көшесі, 22, № 5 кабинет, сағат 09:00 – 18:00 дейін немесе мына интернет-ресурстан: sobes.temirtay.kz.

Конкурстық құжаттаманы алу үшін әлеуетті жеткізушінің өкілінде конкурстық құжаттаманы алуға арналған сенімхаты болуы қажет.

Конкурстық құжаттамалар тегін беріледі.

Конверттерге салынып-желімделген конкурсқа қатысу өтініштерін әлеуетті жеткізушілер «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тапсырады: Қарағанды обл., Теміртау қаласы, Чайковский көшесі, 22, № 5 кабинет.

Конкурсқа қатысуға арналған өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2015 жылдың 27 қаңтары сағат 13-00 дейін.

Конкурсқа қатысуға арналған өтініштері салынған конверттер 2015 жылғы 27 қаңтар сағат 15.00 ашылатын болады, мекен-жайы: Қарағанды обл., Теміртау қаласы, Чайковский көшесі, 22, «Теміртау қаласының  жұмыспен  қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі» ММ, № 5 кабинет.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға  болады: 8 (7213) 91-89-800, факс: 91-98-22.

 

Конкурстық комиссияның хатшысы: Елена Николаевна Клюкас – ардагерлермен, мүгедектермен және аз қамтылғандармен жұмыс жасау  секторының меңгерушісі, тел. 8 (7213) 91-98-22.  

Жарияланған күні: 22.01.2015    Аяқталу мерзімі: 26.01.2015    Файл саны: 1 шт.    
 

 

Хабарландыруға қосылған файлдар (4 дана)
Конкурстық құжаттама Көшіріп алу 
Ашу протоколы 27.01.2015 Көшіріп алу
Рұқсат протоколы 30.01.2015 Көшіріп алу
Қорытынды протоколы 02.02.2015 Көшіріп алу

 

 

 

 

 

© 2020 ГУ "Отдел занятости и социальных программ города Темиртау"