ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
ГУ "Отдел занятости и социальных программ города Темиртау"

МЕНЮ

Жаңалықтар

2020 жылы Қазақстан Республикасы бойынша өтетiн РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НАУҚАН! «Тегiн заң кеңестерi. Құқықтық сауаттылық» Сiздiң мерзiмi өтiп кеткен кредитiңiз, банк картшiгiңiз оқшауланып, шығуға тыйым салынды, коллекторлар мен жеке сот орындаушылары мазалай ма, туыстарыңыз бен достарыңызды мазалай ма? Немесе басқа да проблемалар? Сiзге заң кеңесi қажет пе? «Сарыарқа» заң кеңесшiлерiнiң құқықтық орталығы қоғамдық бiрлестiгiне» хабарласыңыз, сұрақтар Whatsapp нөмiрлерiне қабылданады: 8 702 701 44 29 (мемлекеттiк тiлде), 8 701 870 9889, 8 701 976 9889 (орыс тiлiнде). ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ БIЗБЕН ҚОРҒАҢЫЗ!!!

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында Теміртау қаласы тұрғындарына және қонақтарына  мемлекеттік қызметтерді дербес  EGOV.KZ.  порталы арқылы алуды  ұсынамыз. Мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталық нөмірі 1414 тікелей жүгіну арқылы кеңес алуға болады. Қоңырау шалу тегін.   Өзіңізді және өз жақындарыңызды сақтаңыз! 

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 4 ақпанында сағат 16.00-де Теміртау мәдениет сарайында Теміртау қаласының әкімі Ғ.Әшімовтың есеп беру кездесуі өтеді. 

Сондай-ақ есептік кездесуге дейін сіз өз ескертулеріңізді және ұсыныстарыңызды келесі мекен-жайлар бойынша жинауға арналған жәшіктерде қалдыра аласыз.:

1. Ақтау кенті, «Ақтау» МДО

2. Жас көрермен театры

3. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

4. «Орталық аурухана» КМК

5. «17 ЖОББМ» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға дейінгі ҚР мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, ересектерге мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулар тізбесі бекітілді.

МӘС жүргізу қағидаларына өзгерістер мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің ұсынымдарына сәйкес енгізілді, оның құрамына мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді. Олар оңалту болжамы қолайсыз аурулар бойынша қайта куәландырудан жиі өту қажеттігіне байланысты бірнеше рет қолайсыздықтарды атап өтті.

Осыған байланысты дене функцияларының ауыр бұзылуымен, оңалту болжамы күмәнді немесе қолайсыз 19 аурудың тізбесі жасалды, оған сәйкес мүгедектік 5 жылға белгіленуі мүмкін. Олардың ішінде интоксикация айқын білінетін қатерлі ісіктер, психика айқын бұзылған шизофрения, органдар мен организм функцияларының айқын білінетін біршама бұзылуымен қант диабеті, V сатыдағы созылмалы бүйрек аурулары және т.б. бар.

Осы белгілері бар мүгедектер 5 жылда бір рет қайта куәландырудан өтеді. Бұрын 18 жастан асқан адамдарға мүгедектік 1 жылға, 2 жылға немесе мерзімсіз берілді.

Сонымен қатар, емдеуге келмейтін анатомиялық дефектілер тізбесі кеңейтілді. Сондай дефектілері бар 18 жастан асқан адамдарға мүгедектіктің екінші тобы қайта куәландырудан өтпестен белгіленеді. Тізбеге қан диабеті мен Лериш синдромы аясындағы екі аяқтың ампутациясы, 16 жасқа дейін балаға мүгедектікті алғаш белгілеген кезде орташа ақыл-ой кемістігі (имбецильділік) және түрлі генездегі ақыл-ой кемістігінің тиісті дәрежесі, екі аяқтың тұрақты білінетін парездерімен және білінетін шоғырланған гиперкинездермен қозғалудағы бұзылулар (гемипарез, парапарез, трипарез, тетрапарез) қосымша енгізілді.

Бұдан басқа, 16 жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдердің тізбесі кеңейтілді. Мәселен, мүгедектікті 5 жыл мерзімге белгілеу үшін қолданыстағы көрсетілімдер тізбесіне балалар аутизмі, Аспергер синдромы, атипикалық аутизм, сондай-ақ қайта куәландыру кезінде 1 және 2 типті қант диабеті және т. б. қосылды. 16 жасқа дейінгі мүгедектік терінің тұқым қуалайтын аурулары, Даун және Ретт синдромдары, үдемелі бұлшықет дистрофиясы, туа біткен миопатиямен және аутизммен, Аспергер синдромымен, атиптік аутизммен ауыратын балаларды қайта куәландыру кезінде белгіленеді.

Сондай-ақ, денсаулық жағдайы өзгергенде бұдан бұрын белгіленген мүгедектік мерзімі мен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін қайта куәландыру тәртібі регламенттелді. Енді мүгедектер денсаулық жағдайы нашарлаған, сондай-ақ жақсарғанда да қайта куәландыруға жіберілетін болады.

Тағы бір жаңалық – Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің отырыстарын өткізу барысында аудио-және бейнежазба құралдарын пайдалану болып табылады.

Бұйрық 2020 жылғы қаңтарда күшіне енеді.

Бұйрық мәтінімен мына жерден танысуға болады: https://www.enbek.gov.kz/ru/node/365402

 

Жаңа жылдық мереке қарсаңында 23.12.2019 жылы "Қалалық мәдениет және демалыс саябағы" КМҚК үйде әлеуметтік көмек көрсету көрсету бөлімшесінің мүмкіндігі шектеулі балалары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара Аяз Ата, Ақшақар және келер жылдың нышаны Тышқан сияқты ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен "Зимний сад" аумағында өтті. Мереке қайрымдылық негізде ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні - еліміздің басты ұлттық мерекесі. Тәуелсіздік Күні қарсаңында барлық Қазақстан бойынша әр түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Бұл мереке қарсаңында үйде әлеуметтік көмек көрсету көрсету бөлімшесінің қызметін алатын мүмкіндігі шектеулі балалары Қазақстан Республикасының Түңғыш Президентінің мәдени-тарихи орталығына барып қайтты.

Орталық қызметкерлері "Тәуелсіз Қазақстан", "Өз уақытының ұлы", "Тұлға феномены", "Қазақстанның болат профелі", "Уақыт ағымында", "Қазақстан жолы" экспозициялық залдары бойынша экскурсия өткізді.

Бұл іс-шара балаларға Тұңғыш Президенттің өмірі туралы және Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы көбірек ақпарат білуге мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті» РММ келесі статистикалық бқылаулар бойынша үй шаруашылықтарын зерттеуге үшін интервьюерлерді қабылдайды:

1)                      ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы туралы және сапарларға жұмсаған шығыстар туралы;

2)                      Қазақстаннан шығу сәтінде әуежайларда, теміржол вокзалдарында, автостанцияларда келушілерді (резидент еместерді) зерттеу.
Зерттеу өткізу мерзімі - 2020 жылғы қаңтар.

Білім деңгейі бойынша талаптар:

Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта техникалық және кәсіби, жалпы орта білім.

Лауазымдық міндеттері:

респонденттерге тікелей (жеке) бару және алынған мәліметтерді зерттеудің статистикалық нысандарына толтыру жолымен зерттеуді жүзеге асыру;

статистикалық байқаулар бойынша алынған алғашқы статистикалық деректердің сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз ету;

алғашқы статистикалық деректерді статистикалық нысандарға дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету;

деректерді жинау және байқау аяқталғаннан кейін алғашқы деректердің және жеке деректердің құпиялылық қағидасын сақтау.

Барлық сұрақтар бойынша Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10, №119 кабинет мекенжайына хабарласуға болады, анықтама телефондары:
(8-7212) 41-47-10, факс: (8-7212) 41-45-70, электрондық мекенжайы:
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2019 жылғы 30 желтоқсан.

3.12.20192019 жылдың 3 желтоқсанында Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қалалық мәдениет және демалыс саябағы" КМҚК Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне және Халықаралық мүгедектер күніне арналған мерекелік концерт болды.

Бұл концертте Теміртау қаласының және Қарағанды қаласының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Іс-шара үйде әлеуметтік көмек көрсету көрсету бөлімшесінің мүмкіндігі шектеулі балалары үшін ұйымдастырылды.

Балалар өнер көрсеткендерге таңдана отырып шапалақ соқты, концерттен кейін әртүрлі өсімдіктер мен жануарларды қарай отырып, Қысқы бақты қызыға тамашалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2020 ГУ "Отдел занятости и социальных программ города Темиртау"