ОТКЛЮЧИТЬ ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
ГУ "Отдел занятости и социальных программ города Темиртау"

МЕНЮ

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1.                  Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (үйде оқытылатын мүгедек  балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау).

2.                  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.

3.                  Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.

4.                  Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру.

5.                  Ақталған адамға куәлік беру.

6.                  Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу.

7.                  Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.

8.                  Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімде.

9.                  Мүгедектерге кресло-арбаларды беру.

10.              Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету.

11.              Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу.

12.              Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу.

13.              Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру.

14.              Тұрғын үй көмегін тағайындау.

15.                   Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу.

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласы халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

ü    Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу.

ü    Жұмыспен қамтуға көмектесудің белсенді шараларына қатысу үшін азаматтарға жолдама беру.

ü    Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру.

            2019 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымына дейінгі аралықта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 10 636 құрады. Оның ішінде:

қызмет берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 2434,

қызмет берушілермен қағаз түрінде көрсетілген, бірақ ХҚКО және/немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі мүмкін мемлекеттік қызметтер – 8128,

ХҚКО арқылы – 70 мемлекеттік қызметтер және «электронды үкімет»                      веб-порталы арқылы – 4 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің барлығы тегін. Халыққа қызмет көрсету процесінде, мамандар әлеуметтік-еңбек саласында қызмет көрсетуге қатысты регламенттер мен стандарттарды қатаң ұстанады.

© 2020 ГУ "Отдел занятости и социальных программ города Темиртау"